Жаңалықтар

Рудный тұрғынынан қарасора мен қару-жарақ табылды

Рудный тұрғынынан қарасора мен қару-жарақ табылды
Фото: © Polisia.kz 08.08.2023 04:32 1187

Полицейлер Рудный қаласының тұрғынынан қарасора бұталарын қару-жарақ пен заңсыз алкоголь өнімдерін тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел алдын алу шарасы барысында Рудный қаласының тұрғынынан жылыжайда өсірген құрамында есірткі бар өсімдікке ұқсас 65 бұтаны тәркіледі.

Рудный қаласындағы рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жылыжайдағы жеке үйдің ауласынан құрамында есірткі бар өсімдікке ұқсас бұталар плантациясын тапты. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде сараптама тағайындалды, – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Сондай-ақ үйдің ауласын санкцияланған тінту кезінде полицейлер көлемі 200 литр болатын үш пластикалық бөшкені тауып алып, тәркіледі. Онда алкоголь иісі бар сұйықтық, екі орам жапсырма және 37 оралған арақ сақталғаны белгілі болды.

Оқиға болған жерді тексеру барысында полицейлер жауынгерлік қару ретінде қайта жасалған сигналдық мылтықты, сондай-ақ 9 мм оқ-дәрілері бар екі оқ салғышты тапты.

Осы деректер бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін жекелеген процестік шешімдер шығарылады. Күдікті ұсталды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға