© El.kz

Рудный қаласының прокуроры ұсталды

28.09.2025 22:08

Рудный қаласының прокуроры ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Ведомство мәліметінше, қала прокурорын қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп 28 қыркүйекте ұстаған. Ол қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Белгілі журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жазған ақпаратына сенсек, прокурор 20 миллион теңге пара алды деген күдікпен қолға түскен көрінеді.