Жаңалықтар

Рубик текшесі қалай пайда болды?

Рубик текшесі (көбіне «кубик-рубик» ретінде танымал) – 1974 жылы венгриялық мүсінші және архитектура оқытушысы Эрне Рубиктың ойлап тапқан (1975 жылы патенттеген) механикалық бас қатырғышы.
27.10.2015 03:25 10699

Рубик текшесі (көбіне «кубик-рубик» ретінде танымал) – 1974 жылы венгриялық мүсінші және архитектура оқытушысы Эрне Рубиктың ойлап тапқан (1975 жылы патенттеген) механикалық бас қатырғышы.

Рубик текшесі қалай пайда болды?

Эрне Рубик Будапешт технология және экономика университетінің құрылыс-архитектуралық факультетін бітіріп, 5 жыл бойы ғимараттарды жобалаумен айналысқан. Одан кейін ол Қолданбалы өнер академиясына оқытушы болып жұмыс кіреді. Сабақ беру барысында үш өлшемді кеңістікті үйрету өте қиын екеніне көзі жетіп, оны оңай түсіндірудің жолын іздеумен болады.

Рубик алғашында өз мақсатына қалай жетуді көп ойланды. Бір күні ол, Дунайдың жағасында отырып, толқындардың жұмыр тастарды ары бері қозғалтып, олардан көлемді геометриялық фигуралар жасайтындығына назар аударады. Бұл оған ой салып, үйіне асыға жетіп, бір жобаны ойластыра бастайды. Картон мен ағашты лақтырып тастап, пластмассаға тоқталады. Кіші көлемдегі текшелер 3 ось бойынша айналуы үшін энтузиаст ішкі цилиндрлік механизм ойлап табады. Әртүрлі нұсқаларды қарастырған Рубик, өз жобасының сыртқы бейнесі үшін алты түсті қарапайым гамманы таңдайды. Студенттерге бұл идея өте қатты ұнап, Рубик өте бір қызықты ойын жасап шығарғанын түсінеді.

Бастапқыда ойыншықты өндірушілер бас қатырғышқа бей-жай қарады, олардың ойынша, Рубик текшесін жаппай өндіру тиімді емес, себебі оны зияткерлігі жоғары адамдар ғана шеше алады, сәйкесінше соларға ғана қызық. Идеяның кереметтілігін «Политтехник» деп аталатын бір кішігірім кәсіпорын түсінді. Зауыттың техникалық тұрғыда өзгертуге тура келуіне қарамастан, олар екі жылдан соң ойыншықтың алғашқы партияларын шығара бастады. Осылайша, бас қатырғыш танымал бола бастады. Әрине, алғашында бұл танымалдылық тек Венгриямен шектелді.

Бір күні Будапешт қаласына неміс фирмалараның бірінде коммивояжер болып істейтін ұлты венгр Тибор Лакзи есімді азамат келді. Жас баладан ақсақалға дейін бәрі бірдей бір түрлі түсті текшені айналдырып отырғанына таңғалған ол дүкенге кіріп, өзіне ойыншықтың бір данасын сатып алады. Вена университетінің түлегі, экономика маманы Тибор Лакзи тапсырманы санаулы минуттар ішінд шешемін деп ойлайды. Алайда ол есін тек таңертең ғана жинап, текшенің тек бір жағын жинағанын аңғарады. Осыдан кейін ол «Кубик-рубикті» әлемдік нарыққа шығаруды ойластырады. Сөйтіп ол «Seven Towns Ltd» фирмасының иесі Том Кремерді Будапештке ертіп әкеледі. Фирма басшысы да бүкіл қаланың түрлі-түсті текшемен басы қатып жүргенін көріп, жаппай өндірісті қолға алады. Осылайша, 1980 жылы Рубик текшесі бүкіл әлем бойынша сатыла бастады. Мұндай ажиотажды ойыншық өндірушілері ешқашан көрмеген болып шықты. Әлемнің әрбір түкпірінде аталмыш ойынның табынушылары пайда болды. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға