Руандада су тасқынынан 120-дан астам адам көз жұмды
04.05.2023 05:21
Фото:
© Globallookpress.com
Руандада нөсер жаңбырдан туындаған лай көшкіні мен су тасқыны құрбандарының саны 127-ге дейін өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
3 мамырдағы есеп бойынша, апат кем дегенде 127 адамның өмірін қиды, - деп келтіреді The New Times полицияның мәлімдемесін.
Бұған дейін билік 95 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған. Ал ел президенті Пол Кагаме Twitter-де қайтыс болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.
Өткен түнде батыс, солтүстік және оңтүстік провинцияларда өткен көшкін мен су тасқыны құрбандарының отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, - деп жазды.
Табиғи апат салдарынан көптеген үй қирап, жолдар жабылды. Зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстары жалғасуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

