Лента новостей

Түркістан облысының жеңімпаздары

Түркістан облысының жеңімпаздары
19.08.2019 15:23 61594

Түркістан облысы: Еркебаевтар әулеті

Отағасы – Әлмырза Еркебаев

1946 жылы 9 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы «Красная Нива» колхозы Орловка селолық советінің Жаңаталап ауылында өмірге келген.  Мектепті бітірген соң  1965-1968 жылдары Германияда әскери борышын өтеп келіп, Боралдай Орман шаруашылығында шоферлік қызмет атқарады.  2009 жылдан зейнеткерлікке шықса да, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді. Жаңаталап ауылының биі әрі Ағыбет ауылдық округінің төбе биі міндеттерін атқарып, ауылдың өсіп көркеюі үшін аянбай қызмет етіп жүр.

Отанасы – Оңал Салыбекова

1948 жылдың 3 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шақпақ елдімекенінде дүниеге келген. 1956 жылы осы ауылдың сегіз жылдық мектебінде бірінші сыныпқа қабылданады. Ал он бірінші сыныпты Шаяндағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде 1966 жылы аяқтап, кейін Жамбыл совхозындағы кәсіптік техникалық училищенің бухгалтерлік курсын бітіріп шығады. Алғаш еңбек жолын Шақпақ ауылындағы совхоз орталығында бухгалтер болып бастайды. Отбасын құрғаннан бастап үйде бала тәрбиесімен айналысқан.

Қызы – Бақыткүл Әлмырзақызы

1970 жылдың 28 маусымында  дүниеге келген. 1977-1985 жылдары Алғабас (қазіргі Бәйдібек) ауданында Жаңаталап орта мектебінде оқыды. 1986-1988 жылдары Шымкент қаласында қазіргі №5 колледжінде білім алды. Ал 1988-1997 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы «Восход» фабрикасында тігінші болып жұмыс істеді. Содан 1997 жылы Арыс қаласының тумасы Талғат Ауғанбаевқа тұрмысқа шығып, қазіргі кезде олар екі ұл мен үш қыз тәрбиелеп отыр. 

Қызы – Назгүл Әлмырзақызы

1973 жылдың 8 наурызында Алғабас ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Осы ауылдағы мектепті бітірген соң, Шымкент қаласындағы педагогикалық училищені тәмамдап, бала-бақша тәрбиешісі болып жұмыс істеген. Қазіргі кезде шаһардағы мейрамханалардың бірінде әкімші болып қызмет атқарады.

Ұлы – Медеу Әлмырзаұлы

1975 жылдың 6 сәуірінде Алғабас ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 1982-1990 жылдары Жаңаталап мектебін бітірсе, 1990-1992 жылдары Н.К.Крупская атындағы орта мектебін тәмамдайды. Содан 1993-1995 жылдар аралығында Қарағанды қаласында әскери міндетін атқарып келеді. Қазіргі уақытта Бозашы-Мұнай ЖШС-де оператор болып жұмыс істейді. Отбасында сүйген жары Гүлдана Көпжасарқызы екеуі үш ұл мен бір қызға өнегелі тәрбие беріп отыр.

 Қызы – Нұршат Әлмырзақызы

1977 жылдың 29 наурызында Алғабас ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 1984-1992 жылдары Жаңаталап мектебінде оқып, оны үздік бітіріп, 1992 жылы Н.Крупская атындағы орта мектепте білімін жалғастырады. Ал 1994-1996 жылдар аралығында Шымкент совхоз-техникумында «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша оқып, үздік дипломмен тәмамдаған. 2004 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінде аға оқытушы қызметін атқарып келеді. Жолдасы Қаныбек Рүстемовпен төрт ханшайымды  бағып-қағып отыр.

Ұлы – Нұржан Әлмырзаұлы

1980 жылдың 14 шілдесінде Алғабас ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 1986-1995 жылдары Жаңаталап мектебін тәмамдап, Майбұлақ орта мектебінде білімін жалғастырады. 1998-2000 жылдар аралығында Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы 28237-Әскери бөлімінде міндетін атқарып келеді. Оған қоса 2005-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алған. 2014 жылдан қазіргі кезге дейін осы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыройлы атқарып келеді. Қазіргі кезде жан жары Гүлнұр Сырмановамен   бір ұл мен төрт қыз тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.

Қызы – Лаура Әлмырзақызы

1982 жылы 5 қаңтарда Алғабас ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Жаңаталап ауылындағы орталау мектепті бітірген соң Шымкент қаласындағы №25 мектепте білімін жалғастырады. Содан 2001-2006 жылдар аралығында «Қайнар» университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі таңда жолдасы Жандарбек  Ботабаевпен  үш ұлды тәрбиелеп отыр.

Қызы – Жансая Әлмырзақызы

1983 жылдың 31 тамызында Алғабас ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, 2001-2006 жылдары Қайнар университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алады. Қазір С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Сүйген жары   Қанат Ақылұлымен екі ұл мен бір қызды бағып-қағып отыр. 

Қызы – Алуа Әлмырзақызы

1985 жылдың 17 шілде күні  Алғабас ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 1992-2003 жылдары орта білім алып, 2003-2008 жылдары Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Математика» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Бүгінде жолдасы екеуі үш ұл мен бір қыз өсіріп отыр.

 Ұлы – Дәурен Әлмырзаұлы

1987 жылы 10 сәуірде Алғабас ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 1993-2002 жылдары Жаңаталап орталау мектебін бітіріп, Шымкент қаласындағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы гуманитарлық-эстетикалық гимназия-мектебінде білімін жалғастырады. Содан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетінде «Қаржы және кеден ісі» мамандығы бойынша білім алады. 2007-2008 жылдар аралығында Алматы облысы Қапшағай қаласындағы 32363 аэроұтқыр бөлімінде әскери міндетін атқарған. 2009 жылдан  бастап Төлеби ауданы Леңгір қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасы 2041-Әскери бөлімінде қызметін абыроймен атқарып келеді. Бүгінде сүйген жары  Жанар Серікбай екеуі бір шаңырақ астында бір қыз бен бір ұлды бағып,  тату-тәтті өмір сүріп келеді.  

Түркістан облысы: Қарсыбаевтар әулеті

Отағасы – Арман Қарсыбаев

 1977 жылы 7 қарашада бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Шардара қаласындағы №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебін бітірген соң, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясының экономика және менеджмент факультетіне оқуға түскен. Ал 2003 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі кезде Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып қызмет етеді.

Отанасы –  Гүлмира Пірімбетова

1981 жылы 4 қазанда  Қызылорда қаласында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң Қызылорда қаласындағы  Заң колледжінде білім алған. Кейінірек Сырдария университетінде тарих пен география және дене шынықтыру мен  спорт факультеттерін тәмамдаған. Он жеті жылға жуық бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан жолдасы Арман Қарсыбаев екеуі екі ұл мен үш қыз тәрбиелеп отыр. 

Ұлы – Диар Арманұлы

2003 жылы 21 қаңтарда дүниеге келген. Биыл 11 сыныпқа көшті. 2 сыныптан бастап  бокспен шұғылданып жүрген спортшы әртүрлі турнирлерден жүлдемен оралып жүр. Қазіргі кезде бокстан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер құрама командасының мүшесі, «Спорт шеберіне үміткер», халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Ұлы – Данияр Арманұлы

2005 жылы 2 қыркүйекте дүниеге келген. Биыл 9 сыныпқа көшкен. Қазіргі таңда ол  армрестлингтен Қазақстан Республикасының және Азия чемпионы.

Қызы – Аяжан Арманқызы

2008 жылы дүниеге келген. Биыл 6-сыныпқа ауысқан. Болашақта аудармашы болуды армандайды.

Қызы – Аружан Арманқызы

2010 жылы дүниеге келген. Биыл 3-сыныпқа көшкен. Болашақта тілші болуды армандайды.

Қызы – Асыл-Ай Арманқызы

2016 жылы 29 мамырда дүние есігін ашқан.

Поделитесь:
Telegram
Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!