Пауэрлифтингке 30 жасымда келдім

Әлем кубогының күміс жүлдегері Кабира Асқаровамен сұхбат

Спортта шектеу жоқ. Ол талай жандардың арманына қанат байлап, биік жетістіктерге жеткізді. Өмір сүруге стимул берді. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар осы спорт арқылы өмірлерінің жаңа бетін ашып, болашаққа зор сеніммен қадам басып келеді.

Бүгін біз әңгімелескелі отырған спортшы күш-жігерімен, табандылығымен, ерекше екпінімен Қазақстанның пауэрлифтинг саласын жаңа жетістіктермен толықтырды. Кабира Асқарова – денсаулығында туындаған қиындықтарға қарамастан, жалынды жігері арқылы талай жандарға үлгі-өнеге көрсетіп жүр. Ол 1976 жылы 29 қыpкүйекте Қызылоpдa облыcы, Теpеңөзек ayдaны, Шipкейлi ayылындa дүниеге келген.  2007 жылдaн бacтaп пayэpлифтингпен (мүмкiндiгi шектеyлi cпоpтшылap apacындa) aйнaлыcып келедi. Қоpқыт aтa aтындaғы Қызылоpдa мемлекеттiк yнивеpcитетiнде «Дене шынықтыpy және cпоpт» мaмaндығы бойыншa бiлiм aлған.

  

(Кабира Асқарова)

Кабира Асқарова пayэpлифтингтен ҚP хaлықapaлық дәpежедегi cпоpт шебеpi, мүмкiндiгi шектеyлi cпоpтшылap apacындa  пayэpлифтингтен  бipнеше дүpкiн Қaзaқcтaн  чемпионы, хaлықapaлық тypниpдiң бipнеше мәpте жүлдегеpi (2008 ж., 2012 ж., 2013 ж.), пapaлимпиaдaлық Aзия ойындapының қолa жүлдегеpi (Гyaнджоy, 2010 ж.), Пapaлимпиaдa ойындapының қaтыcyшыcы (Лондон, 2012 ж.), Пapaaзия чемпионaтының күмic жүледегеpi (Кyaлa-Лyмпyp, 2013 ж.), Әлем кyбогының күмic жүлдегеpi (Дyбaй, 2017 ж.) 

El.kz: Сізді табанды спортшы ретінде білетіндер көп, ал оған дейінгі Кабира қандай болған еді?

Кабира Асқарова, спортшы:

– Бала кезден бір аяғымда кінәрат болды. Сол себепті мені ауылдағы мектеп оқуға алмай қойыпты. Ал талабым таудай мен күнде анама жылап, сабаққа барғым келетінін айтады екем. Не керек, 4-сыныпқа дейін үй жағдайында білім алдым. Тек 5-сыныпты өз қатарымнан бір жыл төмен оқып, жалпы білім ордасына қабылданатын болдым. Оған да шүкір дедік. Мұғалімдердің білім бағдарламасына ілесе алмайды деген күдіктері болыпты. Сабақтан қалмай, тырмысып оқығанымның арқасында озат оқушылардың қатарынан бір-ақ шықтым. Ал 7-сыныпқа келгенімде құрбы-құрдастарымның түрлі дөрекі сөздеріне шыдай алмай, ата-анама ауруханаға апарып, аяғымды емдетуді сұрадым. Ол жерде үлкен ота жасалды, бір аяғым екіншісінен жеті сантиметр қысқа әрі тізем бүгілмейтін болған. Соны бес сантиметрге дейін өсіріп берді. Екі жылымды аурухана қабырғасында өткізсем, соның тура жарты жылында илизаров аппаратымен қозғалдым. Бұл аппараттың арқасында араға үш ай салып, аяғым жерге тиді. Қазір өкінішке қарай, өмірден өтіп кеткен білікті травматолог Төлебай Жүнісқұловтың арқасында аз да болса ауруымнан айыққандай болдым. Біраз уақытымды ем-домға жұмсағандықтан, өз қатарластарыммен мектеп бітіру бақыты бұйырмай, кешкі аттестат қана алдым. Бұдан кейінгі арманым дәрігер болу еді. Соның жетегімен медицина колледжіне оқуға тапсырғаныммен, оқи алмадым. Сөйтіп, мүмкіндігі шектелуі жандарға арналған білім ордасына түсіп, есепші мамандығын меңгеріп шықтым. Алланың қалауымен өмірлік серігімді жолықтырып, тұрмыс құрдым. Қазір бір қыз, бір ұлдың ата-анасы атанып отырмыз. Спорт саласына келгеннен кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білімімді тереңдеткен едім. Жалпы, өмірімді спортқа дейін және кейін деп екіге бөліп қарауға болатын сияқты.

El.kz:  Ал спортқа келуіңіз немен байланысты болды?

Кабира Асқарова:

– Жалпы, осы салаға келуіме түрткі болған Қызылорда облысының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мүмкіндігі шектеулі спортшылардың басшысы Юрий Викторович Мощеев.  Ол уақытта қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген кезім. Сол кісінің шақыртуымен, Еуразия спорт кешеніне келіп, жаттығулар жасай бастадым. Ойым, тек салауатты өмір салтын сақтау ғана болатын. Кәсіби спортпен шұғылданам деп үш ұйықтасам да түсіме кірмеген. Пауэрлифтинг туралы да дым хабарым жоқ. Оның үстіне, салмағым бар болғаны – 38 келі.  Зілтемір көтеру туралы ап-арық, кіп-кішкентай қыз қайдан ойлансын. Басында 25 келі гриф көтеріп үйрене бастадым. Қызылорда қаласында өткен алғашқы кішігірім жарысымда 30-32 келі гриф көтеріп, бірінші орынды жеңіп алған едім. Юрий Викторович жеңімпаздарды мінбеге шығарып, марапаттағанда, алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын. Сол мезет спортқа деген, пауэрлифтингке деген махаббатым бірден ашылып, неге осы саланың биігіне шықпасқа деген ой түйдім. Ол турнирден кейін жаттықтырушылармен танысып, спорт кешеніне үзбей бара бастадым. Араға бес ай салып, мені Шымкент қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы Қазақстан чемпионатына апарды. Онда барлық қарсыластарымнан көп салмақты бағындырып, алтыннан алқа тақтым да, Қазақстан спорт шеберлігін орындадым. Бұл кездегі қуаныш әлгі Қызылорда қаласында болған шағын жарыстағы шат-шадыман күйді екі орады. Мені спортқа шақырып, ақыл-кеңесін берген Юрий Викторовичке айтар алғысым шексіз. Сол сияқты жаттықтырушым болған Александра Инкижековаға да рахметімді айтқым келеді. Спорт – менің өмірімді жақсы арнаға өзгертіп, жаңа мақсаттарға жетеледі. Шымкенттен келген соң, жаттығудан қалмай, алдағы келе жатқан турнирлерге қызу дайындық жүргізе бастадық. Алғаш қатысқан халықаралық жарысым Малайзия елінде өткен Азия біріншілігі болатын. Өкінштісі, ол кезде менің үш мүмкіндігімді де төрешілер есепке алмай, бірінші рет нөл ұпаймен қалдым. Бапкерлерім жеңісімнің әлі алда екенін айтып, қанша жұбатуға тырысса да, ұнжырғам түсті. Себебі, өзім жүлдегерлер қатарынан көрінемін деп шын ниеттеніп келгем.

(Сайыстан соң...)

El.kz: Спортқа отыз жасыңызда келіпсіз, жалпы қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Кабира Асқарова:

– Әлгі алғашқы нөл ұпайымда қатты қиналғанымды айттым ғой. Өмірдің де ақ-қарасы бар сияқты спорт болған соң, қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Психологиялық түрде соған үйрене бастадым. Десек те, бар күш-жігеріңді жұмсап жаттыға білсең, оның қуанышын міндетті түрде көресің.

2014 жылы өтетін Азия ойындарына дайындық жүргізіп жүргенімде ұлыма аяғым ауыр боп қалды. Содан жарысқа қатыса алмай, қатты күйзеліске түскенмін. Өзімнің балалы болайын деп жатқаным да жақсы жаңалық. Бірақ, Азия ойындарынан шеттетілгенім жаныма қатты батты.  Ұлым дүниеге келгеніне үш ай болған соң, шыдамым жетпей жаттығуға шығып кеттім. Учаскелік дәрігерім тек алты айдан соң ғана зілтемір көтеруге болады дегеніне қарамай, аптасына төрт рет спорт залына жүгіріп отырдым. Жарты жылдан соң, тексерілуге барсам, бәрі қалыпты екен.  Жалпы, спорттағы әйел адамдарында осындай қиындық болады екен.

El.kz: Ілгеріде алғашқы қатысқан жарыстарыңыздан-ақ жақсы нәтижелер көрсеткініңізді айттыңыз. Сізді жетістікке жетелеген қандай жаттығулар болды?

Кабира Асқарова:

– Өзіміздің ойдан шығарған ерекше жаттығуымыз жоқ. Барлығы сол пауэрлифтингтегі ортақ нәрселер. Әрине, ол жаттығулардың бірлі-екісін тастап отырсаң, шала-шарпы дайындалсаң, нәтижесі де ала-құла болады. Сол себепті, бапкерім жасаған жоспар бойынша жүріп отырамын. Айтқандарын екі етпей орындауға тырысып келемін. Зілтемірді серігімдей көріп, қанша шаршап тұрсам да, соңына дейін күресіп, жаттығып, барымды салып жүрмін. Әр жаттығуда қосқан бір-екі келім мені алға жетелеуші болды. Мәселен, осы күні жақсы нәтиже көрсеткен соң, соның буы ұрып, бір-екі күн спорт залына бармай қалсаң, әлгі көрсеткішің бірден құлдырап кетеді.

El.kz: «Зілтемір әйел адамына сай келетін спорт емес» деп жатады...

Кабира Асқарова:

– Әлгінде айтып кеткенімдей, салмағым бар болғаны 38 келі болды ғой. Барған жарыстарымда барлығы менің сыртымнан «Жай саяхаттап келді ме? Бұл не көтере алады?» деген сияқты керексіз сұрақтарға бас ауыртады екен. Осыдан он жыл бұрын бірінші қатысып жүрген турнирлерімде 44 келі салмақта өнер көрсетіп, 52,5 келі салмақ көтергенмін. Халықаралық спорт шеберлігіне 57,5 келі зілтемірді көтеріп барып қол жеткіздім.  Жалпы, әйел адамына лайық спорт емес деген пікірлер көптеп кездеседі. Бірақ, мен осы спортта жүргеніме еш өкінген емеспін. Керісінше, мүмкіндігіміздің шектеулілігіне қарамай, жұртшылыққа осындай жігерлі екенімізді көрсетіп жүргеніме қуанамын. Әрбір жетістігім мені жасартып, өмірге деген құлшынысымды арттырып келеді. Өз отбасымның алдында, әсіресе балаларымның алдында осындай қажыр-қайратымды көрсетіп, жоғары жетістіктерге жетіп жүргенімді үлкен абырой деп білемін.  Жалпы, спорттың кез келген түрі салауатты өмір салты болғандықтан, адам белгілі бір режиммен, жоспармен жаттығы білсе денсаулығына ешқандай кері әсері болмайды.

El.kz: Спорт сіздің өміріңіздегі қандай қиындықтарды жеңуге көмектесті?

Кабира Асқарова:

– Мұныңыз «мүмкіндігі шектеулі жандар өмірде көп қиындықтарға тап болады» деген ойдан туындаған сұрақ секілді. Спорт адамды қайрай түсетін, өмір сүруге құлшынысыңды арттыратын құрал емес пе? Күнделікті тіршілігіме мән кіргізді. Нақты, «мынандай нәрседен қиналып ем, спорттың арқасында соны жеңдім» деп айта алмаймын.

(Кезекті жарыстан кейінгі естелік сурет)

El.kz: Балаларыңыз спортпен шұғылдана ма?

Кабира Асқарова:

– Иә, үлкен қызым спортшы. Қазақстан чемпионатынан алтынмен оралды. Қазір спорт шеберлігіне кандидат болып табылады. Бірнеше халықаралық жарыстарда жүлдегер атанған. Мен жарыстан келсем, ол оқу-жаттығу жиындарына кетіп бара жатады. Кейде екі-үш айлап бір-бірімізді көрмей жатамыз.  Ал ұлым жақын күндері беске толады. Болашақта оны да бір спорт түріне беруді жоспарлап отырмыз.

Қосымша. Пayэpлифтинг күштiк caйыcтың түpiнe жaтaды. Өз caлмaғыңдa бipнeшe ayыp зiлтeмipлepдi көтepy eшкiмгe oңaй coқпaйтыны бeлгiлi. Coндықтaн, нaғыз бaтыpлapдың cпopты peтiндe caнaлaды. Пayэpлифтинг coңғы yaқыттap қapқынды түpдe дaмып кeлeдi. Coл cияқты Қaзaқcтaндa дa ocы cпopтпeн aйнaлыcып, хaлықapaлық жapыcтapдa тoп жapyшылapдың caны көбeйгeнi көңiл қyaнтaды.Aтaлмыш cпopт түpiмeн aйнaлыcyшылap: штaнгыны жүpeлeп oтыpып көтepy (Squat), штaнгыны жaтып aлып cығымдaп көтepy (Bench press), штaнгыны тapтy (Deadlift) cияқты үш түpдeн үш peт көтepy apқылы caйыcaды. Eң ayыp caлмaқты бaғындыpғaн aдaм жeңiмпaз aтaнaды. Бұл cындa epлep: 59, 66, 74, 83, 93, 105, 120 кeлi жәнe 120 кeлiдeн жoғapы caлмaқтap бoйыншa caйыcca, aл әйeлдep: 47, 52, 57, 63, 72, 84 кeлi жәнe 84 кeлiдeн жoғapы caлмaқтapдa күштepiн cынaйды. Бұл cпopттың түп-тaмыpы ayыp aтлeттep дaйындық бapыcындa нeгiзгi қимыл-қoзғaлыcтapды дaмытy үшiн қoлдaнaтын жaттығyлapдaн кeлiп шыққaн. Бacтaпқыдa жaттығyлap жиынтығы мeн iшкi тәpтiптepiндe қaзipгiдeн aйыpмaшылығы бoлғaн. Ocылaйшa, XX ғacыpдың 40-50 жылдapы Eypoпaдa ayыp aтлeтикaның cынaлғaн жaттығy түpлepiнeн жapыcтap өткiзiлe бacтaғaн.1972 жылдың қapaшacындa Пayэpлифтингтiң Хaлықapaлық Фeдepaцияcы құpылды (IPF). Бip жыл өткeн coң pecми түpдe бipiншi әлeм чeмпиoнaты өткiзiлдi. 1986 жылы Пayэpлифтингтiң Бүкiләлeмдiк Кoнгpeci (WPC) құpылды. Кeйiнipeк бacқaдa хaлықapaлық aльтepнaтивтiк ұйымдap пaйдa бoлды. 1963 жылдaн бacтaп пayэpлифтинг «ayыp aтлeтикa» cпopт түpi peтiндe Пapaлимпиaдaлық oйындap бaғдapлaмacынa қocылды. 1992 жылдaн бacтaп пayэpлифтинг peтiндe жeкe қaбылдaнды.

El.kz: Елімізде мүмкіндігі шектеулі спортшыларға жағдай қаншалықты жасалған? Қандай кемшін тұстары кездеседі?

Кабира Асқарова:

– Қазір мүмкіндігі шектеулі спортшыларға барлық жағдай жасалып отыр. Мәселен, біздерді спорт кешеніне жаттығуға апарып-әкелетін көлікпен қамтамасыз еткен. Тұрақты жалақымыз бар. Сол сияқты ешбір жарыстан қалмаймыз. Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған база бар. Оның қызметіне тек спортшылар ғана емес, қарапайым адамдар да жүгіне алады. Жалпы, мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп келеді. Біздерге тек жаттығып, халықаралық аренада көк туымызды желбіреті ғана қалып отыр.

El.kz: Спортта орындай алмай жүрген арманыңыз бар ма?

Кабира Асқарова:

– Арманым көп. Орындай алмай жүргенім арманымның бірі – паралимпиадаға қатысып, Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, жақсы нәтижеге қол жеткізу. Алда келе жатқан Токио олимпиадасын асыға күтіп отырмыз. Алла бұйыртса, сол сында ел қоржынына медаль салсам деймін.  Бұл күндері жасалып жатқан еңбектің бәрі сол нәтижеге жету жолындағы жұмыстар деп біліңіз.

El.kz: Адам болған соң, терең ойға сүңгіп, санамызды негативтермен улап жатамыз.  Сізде де сондай стресске түскен кездер болды ма? Жалпы ондай сәттерден өзіңізді қалай құтқарасыз?

Кабира Асқарова:

– Осындай мүмкіншілігімнің төмендігіне қарамай, күйзеліске өзімді билетіп көрмеппін. Қайғы-мұңға берілсең, өзіңді құртып, өзегің өртеніп, өмірден түңіліп кетесің емес пе? Ал оның пайдасы қанша? Өзімді орға түсіріп, пайда таппаспын. Қазір менде бөтен ойға миымды былғауға уақытым тапшы. Таңертең тұрып, тіршілігімді жасап, жолдасым мен балаларымнің ас-суын әзірлеп, жаттығуға жүгіремін. Ол жақтан шаршап-шалдығып келем де, тағы да күнделікті үй тірлігіне кірісем. Уақыт кестесі осындай адамда мұңаюға мұрша бола ма? Шүкір балаларым бар, мені түсініп, әркез қолдап, демеп отыратын жолдасым бар. Ол менің спорттық өміріме сын тақпай, әр сапарымда сәттілік тілеп шығарып салады. Әр жарыстың алдында балаларымды ойлаймын. Менің жетістігім оларға да қанат бітіреді. Ата-анасының сәтті өмір жолынан сабақ алып, олар да келешек те зор жетістіктерге жетеді деп сенім білдіремін.

El.kz: Спорттан тыс уақыттары немен айналысасыз?

Кабира Асқарова:

– Үйдің тазалығымен айналысамын. Балаларыма әртүрлі тағамдар пісіріп беремін. 

El.kz: Осы спортқа енді келіп жатқан жастарға не айтар едіңіз?

Кабира Асқарова:

– Ешқандай қиындыққа мойынсұнбай, алға мақсат қойып, соған жету үшін жан аянбаңдар. Спорттағы жетістік оңай келмейтін шаруа. Ол жаттығу залында өткен қаншама айлар, күндер, сағаттар, төккен тер, жұмсаған энергия. Темірдей төзімнің арқасында ғана спорттың шыңы бағынады. Бір өтетін турнир сол спортшының бар дайындығын көрсетіп беретін таразы сияқты. Меніңше, спортта ең басты мән беретін нәрсе – тәртіп. Яғни, бапкеріңнің қойған талаптарын орындап, айтқанынан шығып, жоспар бойынша жұмыс жасай білсең, көп өтпей жемісін көресің. Спорт жалқаулар үшін емес! Мұнда тек еңбектенуден қайтпайтын, жалықпайтын, шаршамайтын жандар ғана алға қойған мақсатына жете біледі. Спорттағы жаттықтырушың екінші ата-анаң. Ол сенің ұйқыңды, тамағыңды қадағалайды. Сенің алдағы жетістіктерің үшін жоспарлар құрып, дұрыс жол таңдайды. Дұрыс режим бойынша жұмыс жасу үшін барын салады. Сол себепті, спорттағы жетістік бірінші бапкеріңе тікелей байланысты. Бапкерді тыңдай біліңдер!

El.kz: Әңгімеңізге көп рахмет. Жеңістеріңіз көп болсын!

Кабира Асқарова:

– Сізге де рахмет. Осы орайда, бапкерлеріме ерешке алғысымды жеткізсем деп едім. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарды жаттықтырып жүрген еліміздегі барлық бапкерлерге алғысым шексіз. Бақытбек Ырысбаев пен жеке бапкерім  Артур Барисовичке алғысым шексіз. Жетістіктеріммен сол кісілерді қуанта бергім келеді. 

(Суреттер ашық ғаламтор көзінен алынды)

#пауэрлифтинг #Кабира Асқарова

Похожие материалы