Фоторепортаж: Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған поэтикалық-музыкалық қойылым

29.01.2020

Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында поэзия әлемінің падишасы Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Сенің махаббатың» атты поэтикалық-музыкалық қойылымның премьерасы болды. Жас буынды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелейтін қойылымда ақынның рөлін танымал театр және кино актрисасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алтынай Нөгербек сомдаған. 

Фоторепортажда әртістердің грим салу, соңғы әзірліктерін пысықтау және қойылым барысының сәттері кезең-кезеңімен көрсетілген. 

Көрерменге рухани әсер сыйлайтын қойылымның режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрлан Жұманиязов пен Болат Ұзақов. Оның қоюшы-суретшісі Қанат Мақсұтов, хормейстер ҚР еңбек сіңірген қайраткері Амантай Жұмашев, музыкамен сүйемелдеген Жәнібек Мұсаев, Олжас Жақыпбек, Айша Сырымбай, Маржаннұр Макибаева, музыкасын көркемдеген Қайрат Тоқымбетов, хореограф Салтанат Жолымбаева, киім суретшісі Шынар Елембаева.

Суреттер авторы Артем Чурсинов.