Жамбылдық жастар «Азаматтық бақылауға» кірісті

12 Декабря 2017, 17:07 3603

«Жас Отан» Жастар қанатының Жамбыл облыстық филиалы іске кірісті

«Жас Отан» Жастар қанатының Жамбыл облыстық филиалы әлеуметтің жүгін көтерер «Азаматтық бақылау» деген жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің әлеуметтік тапсырысы бойынша қолға алынып отыр. Қазірдің халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығында «қоғамдық қабылдау» бөлмелері ашылды. Облыс тұрғындарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалар аясында  кеңестер беріліп, тиісінше көмек көрсетілді.

Азаматтық бақылау жемқорлық пен арам пиғылды шенеуніктерге тұсау салу мақсатында қолға алынған. Жоба туралы туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. «Біз мемлекеттік органдардың шешімін атқару, оны талқылау және қабылдау ісіне халықтың қатысуына үлкен жолдар ашып отырмыз. Мемлекеттік органдардың жанынан қоғамдық кеңестер құрылуда. Оған ҮЕҰ-мен қатар, ҚХА мүшелері де белсенді мүшелік етуде. Азаматтық бақылау жемқорлыққа, ысырапшылық пен арам пиғылды шенеуніктерге берік тұсау салады. Біз бұл жолдан таймаймыз, бірақ бұл мүмкіндіктер Қазақстанның азаматтық қоғамына үлкен сынақ болмақ, олардың қоғамдық кеңестердегі жұмысы кемел ұстаным, халық алдындағы жауапкершілік принциптері негізінде жүруі тиіс», - деді Елбасы.

Нақтырақ айтсақ, жоба шеңберінде облыс аумағындағы 2000-нан аса тұрғынға түрлі кеңестер берілген. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 3000-дай мемлекеттік қызметтерді көрсететінін ескерсек, қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылғаны сыбайлас жемқорлық фактілерінің азаюына бірден-бір себеп.  Сонымен қатар, «Азаматтық бақылаудың» аясында «Жасырын сатып алушы», «Таза сессия», «Парасыз болашаққа» акцияларымен Жамбыл облысындағы барлық мемлекеттік мекемелер, емханалар, оқу орындары және жекеменшік мекемелерін кездесу, семинарлар өткізілді.

Поделитесь: