Жаңалықтар

Өрттің көбісі жеке үйжайлардан шығады

Елордада жекежайлардың өрт қауіпсіздігі тексерілді
Өрттің көбісі  жеке үйжайлардан шығады
Фото: El.kz 18.08.2022 12:42 2238

Елордада жеке сектордағы үйлердің өрт қауіпсіздігін тексеру мақсатында төтенше жағдай департаментінің өкілдері мен еріктілер жеке үй-жайларды аралап улы газдан сақтандыру құрылғыларын орнатты, деп хабарлайды El.kz.    

«Жыл сайын жылыту маусымы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы департаменті құзырлы мемлекеттік органдарымен бірлесіп 15 тамыздан бастап қала аумағындағы жеке сектордағы жекежайлардың өрт қауіпсіздігін тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Тексеру жұмыстары 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде әлеуметтік осал топтарды үй-жайларын аралап арнайы қауіпсіздік белгісі ретінде датчиктар орнатамыз. Сондай-ақ, жатақхана немесе коммерциалық мақсатта пайдаланылатын тұрғын үйлердің тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі көрсетілген түбіртектерді ұсынамыз. Жоспар бойынша жыл сайын әлеуметтік осал, көпбалалы, жалғызбасты аналар мен зейнеткерлердің және мүгедек ата-аналардың үйіне 500-600 улы газды анықтау датчигін орнатамыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдай департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымов.      

Өрттің көбісі  жеке үйжайлардан шығады

Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінің тізімін құрастырған. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 1240 тұрғын үй есепте тұр. Сондай-ақ 2022-2023 жылғы жылу беру кезеңінде жалға берілетін 1271 тұрғын үй-жай бар екенін атап өтті.   

Өрттің көбісі  жеке үйжайлардан шығады  

«Нұр-Сұлтан қаласында 1996 жылдан бері тұрамын. Бұған дейін ешқандай қауіпсіздік ережесі бұзылмады. Жыл сайын қыс мезгіліне дайындықты жүргіземін. Ауланы, пешті, мұржаны тазалап отырамын. Жыл сайын департамент өкілдері келіп, қауіпсіздік ережесін сақтау туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп кетеді. Биыл үйімізге датчик орнатты», - деді елорда тұрғыны Жамболат Оразбаев.     

Өрттің көбісі  жеке үйжайлардан шығады

Сонымен қатар, рейдке департамент өкілдерімен бірге «Dauletten» қайырымдылық қоры қатысып, әлеуметтік осал топтардың тізімін жазып алды.   

«Бір күнгі рейдте  6 отбасыны көмек көрсету мақсатында арнайы тізімге қостық. Оларға алдағы уақытта көмек көрсетеміз. Мысалы, көпбалалы отбасылар оқу-құралдарымен, азық-түлікпен және киім кешекпен қамтылады. Сондай-ақ, мүлдем жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамтамыз етуге тырысамыз немесе пәтерінің ай сайынғы ақысының 50% төлеп береміз. Ай сайын әлеуметтік осал топтардың тізіміне кіретін отбасылармен байланысып, жағдайын қадағалап отырамыз», - деді Dauletten қорының өкілі Дина Қайратқызы.   

Өрттің көбісі  жеке үйжайлардан шығады

Жалпы орын алатын өрттің 50%-дан астамы жекежайлардан шығады екен. Сондықтан тұрғындарға өрт қауіпсіздігін түсіндіру өте маңызды.    

«Рейд жүргізу барасында жеке тұрғын үйлердің көбісі қыстық жылыту маусымына дайындықты бастамағаны анықталып отыр. Атап айтқанда, мұржалар мен пештерді тазартпаған. Сондай-ақ, электр сымдары қоршалмай, ашық жатқаны да анықталды. Жатақханалар мен жеке сектордағы үйлердің арасындағы арақашықтық сақтамаған. Мысалы, бір метр мен жарты метр аралықта жақын салынған үйлер де бар. Бұл үйлерде өрт қаупі туындаған жағдайда жанында орналасқан үйлерге төнетін қауіп жоғары. Сонымен қатар, жеке сектордағы үйлердің көбісі жанғыш заттардан салынғаны анықталды», - деді Еркін Отарғалымов.   

Өрттің көбісі  жеке үйжайлардан шығады

Статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қала бойынша 445 өрт болды (2021 ж. – 474, 6% - ға төмендеу), 10 адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды, 10 адам құтқарылды, 26 адам эвакуацияланды. Өрт шығулардың басым бөлігі  тұрғын үй секторына тиесілі. 

Өрттің көбісі  жеке үйжайлардан шығады

Өрттің көбісі  жеке үйжайлардан шығады



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға