Жаңалықтар

Ұрпақ үшін жазылған дүние

Табыл Құлыяс
16.09.2016 10:34 4518

 Белгілі сатирик, жазушы Табыл Құлыястың қазақ даласында қасақана жасалған саяси репрессия мен аштық нәубетіне арналған үш бірдей туындысы-«Қан жоса ғасыр» , «Қырғын» және «Қан кешу» кітаптары күні кеше оқырмандарға жол тартты.Автор бұл кітаптарын Тәуелсіздік тойына тарту етіп отыр.Оқырман қауымға сатира жанры арқылы жақсы таныс Табыл ағамыз соңғы жылдары орыс жеріндегі мұрағаттардың шаңын жұтып , тарихи деректерді зерттеуге бет бұрған болатын.Біз айтып отырған үш кітап –сол еңбектің жемісі.(Бұл кітаптар ағылшын тіліне аударылмақ).

     Кітаптардың үшеуі де Кеңес өкіметі тұсындағы қолдан жасалған нәубетті баяндайды. Мәселен, «Қан жоса ғасыр» кітабында 1918-1922 жылдардағы аштықтың себептері айтылады.Ал «Қырғын» Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» ұйымдастыру саясатының қазақ халқына тигізген ауыр зардаптары туралы жазылған. «Қан кешу» деректі хикаяттары НКВД-ның ұлт зиялылары мен бас көтерер азаматтардың соңына түсіп, қуғын-сүргінге ұшыратып,ғазиз өмірлерін жалмаған ауыр жылдарды суреттейді.Жазушы бұл кітаптарында Бірлескен мемлекеттік саяси басқарманың және Ішкі істер Халық коммисариаттарының құпия құжаттарын, сонымен біргеОрынбор, Орск, Барнауыл,Кемер қалаларының мұрағаттарындағы құжаттарды пайдаланған.Қазақстанға қатысты Ресейдегі мұрағат құжаттарын тірнектеп жинай жүріп, үш кітапты жазып шыққан жазушы алдағы уақытта да архивтерді аралауға аттанбақ. «Қазақ халқының басынан талай қиын кезеңдер өтті.Көптеген тарихи құжаттар әлі де ашылып жатыр.Әсіресе, 1918 жылғы аштық ешбір кітапта,ЮАҚ беттерінде көрінген жоқ.Түкістаннан шұбырған халық нан іздеп тентірегенде әр бұтаның түбінде аштан өліп жатты.Ал сол кезде Сталин Жерорта теңізі арқылы Америкадан 10 мың трактор алдырды.Сол Сталин аштан қырылып жатқан халық үшін Америкадан неге астық алдырмады? Әйтпесе Америка ол кезде артық астықты теңізге шашып жатты,ал Австралия паровоздарды жүргізу үшін көмірдің орнына бидайды пайдаланды ,-дейді жазушы.-Өз көзімен көрген дерек Украина халқының 11 пайызы, ал қазақ жұртының 53 пайызы аштан өлді дейді.Осындай қырғын болып жатқанда Сталин Америкадан техника алдырып жатты.Тарихымызға қатысты осындай құпия құжаттар НКВД-ның, ОГПУ-дың архивтерінде қара сандықта әлі күнге дейін тұр».

  Т. Құлыястың кітаптарымен жақсы таныс ақын Серік Тұрғынбеков күн-түн демей архивтерді ақтарып , зұлмат жылдардағы оқиғалар өткен орындарды өз көзімен көріп ,жанкешті еңбегінің арқасында бір емес , үш бірдей кітапты халқына тәбәрік ретінде ұсынған жазушыға халық та , мемлекет те қуануы керек деген пікірін білдірді.Серік Тұрғынбеков  Табық Құлыясқа халықаралық «Алаш» сыйлығын беруге ұсыныс жасады.

                                               Халима Бұқарқызы, қаламгер. «Айқын»(1703) 25 ақпан,2011ж.

                          «С Ө З  С О Й Ы Л Д Ы Ң  С Е Р К Е С І»

  «Егемен Қазақстан» газетінде «Сөз-сойыл әзіл,сықақ отауы бойынша белгілі жазушы –сатирик Балғабек Қыдырбекұлы атындағы жүлде үшін сайыс жалғасқан болатын.Міне,бүгін жүлде жеңімпазы анықталды.

  Сарапшылар алқасының шешімімен «Сөз сойыл» әзіл-сықақ отауында жыл бойғы жарық көрген мазмұнды да көркем туындылары үздік деп танылған Табыл Құлыясқа Балғабек Қыдырбекұлы атындағы жүлде берілді.

  Табыл Құлыяс 1935 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында дүниеге келіп , 1970 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.Еңбек жолын Ойыл аудандық «Еңбек туы» газетінен бастап, 1969 жылдан 1995 жылға дейін Қазақ радиосы мен теледидарында қызмет атқарған.Әзіл-сықақ өлеңдері,фельетондары,әжуа-мысалдары республикалық басылымдарда үзбей жарияланып келеді.Республикалық баспалардан «Кесілген бұрым», «Сауда сақал сипағанша» , «Қоңыраулы кұлкіграмма», «Жалмауыз» атты сатиралық кітаптарымен қатар , «Ши оқ» , «Қара терең» романдары, «Құйын» «Қан жоса ғасыр» атты тағы басқа публистикалық кітаптары жарық көрген.Енді міне, Табыл ақсақал көптен бері әзіл-сықақ бұрышына үзбей атсалысып «Сөз сойылдың» серкесі атанып отыр.

                                         «Егемен Қазақстан», 20 науырыз,2005 жыл. 

 

 

                    О Й Л А Н ...К Ү Л К І Г Е  Е Р І К   Б Е Р

  Мен білетін  бір дұрыс ұстаным сықақшының жүрген-тұрған жерінің бәрі күлкі шақырып тұруы керек.Бірақ, Табыл Құлыяс мұндайлардың сортынан емес.Қашанда астарлай сөйлей отырып ,өткір бәкідей орып түсетін тапқырлығын көргенде: « Бұл шіркіннің сатирасы қай жерінде» -дейсің еріксіз.Өйткені, сөзінен езуіңді жиғызбайтын әзіл-оспағын ажырата алмайсың. Ал, шығармаларын түбірлеп оқи бастасаң, күніне он ойланып , жүз толғанасың да таба алмайтын сатираның өңменіңді тесіп үшкір жебесі діттеген жеріне дөп тиетіндігін аңдайсың.

Сонау елуінші жылдарда қазақ әдебиетінде тілін безеген сатириктер «үйір-үйірімен» келіп қосылған. Ол осы жанрдың дәуірлеп тұрған нағыз алтын заманы еді. Сол лектің бел ортасында білегін сыбанып жүргендерден қазірді жетпісті желкелеп мінген-Ғаббас Қабышев, Үмбетбай Уайдин, Сайымжан Еркебаев, Сейіт Кенжеахметов, және осы Табыл Құлыяс жүр ортамызда.Әйтеуір, көз тимесін дейік, сатираның шылбырын кімге лақтырса да, бірінен-бірі өтеді-ақ! «Тебісіп жатсаң да теңің болсын» деген ұтқыр сөзді Тәкең осы өздеріне қарап айтқандай көрінеді де тұрады.

Естуімше,Тәкеңнің жасс кезінде теңіздің толқынындай бұйраланып жататын шашы болса керек.Қазір онысынан төбесін жабатын тақиядайы ғана қалған.Әйтеуір мұрын астына біткен мұртына риза сияқты. Оның жайын  Тәкең өзі былайша баян етіді.

— Сен білетін бе едің, менің алғашқы кітабым «Кесілген бұрым» деп аталады. Кезінде осы тақырыппен  «Лениншіл жаста» (қазіргі «Жас алаш» газеті) фельетоным жарқ көрген. Онда шаруашылық басшысының талан-таражға барып, жоғарғы жақтарға жалған мәліметтер беруі былай тұрсын, бала тумайсың деп, қырыққа келген әйелінің  бұрымын кесіп тастағаны ащы әжуаланып, абыройы айрандай төгіліп еді. Алайда жергілікті аймақтық партия комитеті әйелді жасқап ,директорды қорғап ал маған бюрода партиялық есеп картішкіме жазылған сөгіс берілді.Сол сәтінде анам Қалила қайтыс болып ,денесін ағайындарым  Жалғас пен Жұмабай машинаға салып қойған-тын. Анамнан айырылған , әрі партиялық жазаның әділетсіздігіне  күйінген сол күннен бұйра шаштың селдіреуі басталған.Мұрттың барына тәубе деп жүргенім де содан...

Сөйтіп , кешегі қалың шашы селдіреп, мұрынның астындағы буырыл мұртына ғана риза болып қалса да жетпіске жас жігіттей қутаңдап, желкілдей жеткен сатирик Табыл Құлыясымыз кім?Сонау елкуінші жылдардың орта шенінде ,елімізде дүбірлете тың игеріліп жатқан кезде республикалық «Лениншіл жас» газетінде жарияланған «Қатынасушы  жеті адам,жиналысты бастайық» деген сын мақаласымен жарқ етіп көрінуі оның журналистиканың фельетон жанрындағы шығармашылық сапарын сәтті бастағандығының айқын нышаны еді. Онысын дәйектей түскен сәтті сатиралық шығармалыры  көп кешікпей-ақ, «Асырадым ...алдым» «Бекеттің рогаткісі», «Азырақ ойнап, күлмей, молодушка», «Досыма өкпелеп..», «Паспортсыз милиционер» , «Қарындағы шұрқыраған жылқы» және басқа фельетондары  тізбектеліп кете береді. Олардың көбісі кейін «Кесілген бұрым», «Сауда сақал сипағанша», «Қоңыраулы күлкіграмма» сияқты сатиралық кітаптарына топтастырлған.

  Көп ретте көркем дүние детальдары  өмірден алынады десек те олар жаза келе жазушы  қиялында өзгеше өрнек тауып,тіршіліктің терең қайнарларына,шынайы мағынасына , қабыспай, тамыпласпай, ақиқаттан алшақ қалатын кездерінің де кездесіп жатаыны рас.Бұл орайда , Табыл Құлыястың шығармашылық қадірі ондай жағдайлардан өзгеше тұрпатта, тіршілік ағынымен тікелей байланыстылығында, бүкіл қан тамырларымен табиғи сабақтаса өрбуінде.Сатириктің қай туындысын алып қарсаңыз да алдыңызда бұдан біраз жыл, бірнеше күн

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға