Жаңалықтар

Роза Рымбаеваның Дильназ Ахмадиеваның әкесімен айтқан әні көпшілікті тамсандырды

Роза Рымбаеваның Дильназ Ахмадиеваның әкесімен айтқан әні көпшілікті тамсандырды
Фото: Видеодан алынған кадр 24.11.2024 12:47 509

Алматыда белгілі вокалды-аспаптық «Яшлык» ансамблінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық журналист Айгүл Мүкей өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында концерттен үзінді жариялап, былай деп жазба қалдырды:

50 жыл сахнада. Алаулаған жалындай Роза Рымбаева мен Мурат Ахмадиев.

«Яшлык» тобының негізін қалаушы – әнші Дильназ Ахмадиеваның әкесі – Мурат Ахмадиев. Топ 1974 жылы Алматыда құрылған. Бұл кешке «Дос-Мұқасан» ансамблі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дильназ Ахмадиева мен Әлішер Кәрімов, әнші және композитор Парвиз Назаров, сондай-ақ «Яшлык» ансамблінің қазіргі құрамы мен қазақстандық және ұйғыр эстрадасының жұлдыздары қатысты. Дегенмен Рымбаева мен Ахмадиева жұбы жұрттың көңілінен шықты.

«Роза – бұл аңыз, сұлулықтың символы, барлық әйелге нағыз үлгі болған адам», «Екеуін де құрметтеймін, жақсы көремін», «Қазақстан эстрадасының аңыздары. Тағы 50 жыл сахнада жарқырап жүре берсін», «Дауыс, сырт келбет, талант - Мурат Ахмадиев, Роза Рымбаева», - деп жазған көпшілік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға