Роза Рымбаева: «Күйеуімді сағынамын, өмірде де, өнерде де жалғызбын»
Қазақстанның халық әртісі, әйгілі әнші Роза Рымбаева өмірден өткен жұбайы Тасқын Оқаповты сағынып жүргенін ашық айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ozgeris.info-ның жазуынша, өнер иесі жақында берген сұхбатында өмір жолындағы және шығармашылықтағы жалғыздық сезімі туралы сыр бөлісті. Әншінің айтуынша, Тасқын Оқапов оның өмірінде де, өнерінде де орны бөлек тұлға болған.
Күйеуімді қатты сағынамын. Мен тек өмірде ғана емес, өнерде де жалғызбын. Өнерімді бағалайтындар көп, бірақ мен бәрін Тасқынмен салыстырамын. Оның деңгейіндегі адамды кездестірмедім, іздеген де жоқпын. Екі балама өзім әрі әке, әрі шеше болдым. Менің бүгінгі биіктеуіме Тасқынның еңбегі мен қолдауы тікелей әсер етті. Егер онымен жолым түйіспегенде, сахнада болар ма едім, болмас па едім - белгісіз, - деді халық әртісі.
Роза Рымбаеваның бұл сөздері көпшіліктің жүрегіне әсер етті. Желі қолданушылары әншінің шынайылығына риза болып, жылы пікірлер қалдырды. Олар Рымбаеваны қазақ өнерінің символына балап, оған ұзақ ғұмыр мен шығармашылық шабыт тіледі.
Осылайша, Роза Рымбаева тағы бір мәрте өз өмірі мен өнеріндегі адалдық пен сағыныштың сырын бөлісіп, тыңдарманын ойға қалдырды.

