Жаңалықтар

Роза Әлқожа келініне тосынсый жасады

Роза Әлқожа келініне тосынсый жасады
Фото: instagram.com/roza_alqozha 11.12.2023 17:23 34570

Отандық әнші Роза Әлқожа Instagram-да келініне жасаған тосынсыйын көрсетті деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқырман қауым ене мен келіннің арасындағы жылы қарым-қатынасты жоғары баға берді.

Жаңа үйленгенде, үйге үйренісе алмай жүргенде күйеуіңнен басқа ешкім қызық болмайды ғой. Бар баққаның, бар күткенің бір адам. Ал ол өзінше боп жүреді дегендей.

Сәлемі, орамалы бәрі де бар. Тек қалаға, қыдыруға шыққанда жалаңбас жүре бер деп рұқсат бердік. Маған да сөйткен. Жалпы, Алматы облысында қатты заң жоқ.

Кеше Ясинаға жейде әпер деп Әсемді сауда үйіне жібергенмін. Өзім салонда едім. Идея деген ойда жоқта келеді емес пе?! Келінге күтпеген жерден кеше салонда отырып осылай жаздық та жасадық. Келінжанның аппақ ниеті шығар?! Көңіліңе құдай берсін, - деп жазды әнші.

Жақында ғана ұлын үйлендірген Роза Әлқожа келініне тосынсый жасау туралы шешім қабылдаған. Өнер иесі хаттар жазып, келініне таңдау жасау керектігін айтты. Сол арқылы ол өзін жуық арада не күтіп тұрғанын білді. Жас келін күйеуімен бірге Шри-Ланкаға демалысты таңдады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Roza ӘЛҚОЖА (@roza_alqozha)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға