Росгидромет Жайық, Шаған және Деркөл өзендеріндегі ахуал туралы ақпарат береді
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
04.04.2024 18:30
886
Су ресурстары және ирригация министрлігі Росгидрометпен тасқын суы бойынша ақпарат алмасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ресей Федерациясының аумағында Жайық, Үлкен және Кіші Өзен, Шаған және Деркөл өзендері бойынша су тасқыны ағынының қалыптасуына байланысты Росгидрометпен әр тәулік сайын гидрологиялық деректермен алмасады.
Орынбор және Саратов облыстарының су шаруашылығы қызметтерімен жедел ден қою үшін тұрақты ақпарат алмасу жүргізіледі.
Ресейден келетін ағын барлық бес өзеннің деңгейіне әсер ететіндіктен, біз ресейлік әріптестерімізбен үнемі ақпарат алмасып отырмыз. Бұл болып жатқан оқиғалар жайлы толық мәлімет алуға, барлық тәуекелдерді алдын ала бағалауға және тасқын суын өткізу бойынша қажетті іс–шараларды қабылдауға, сондай-ақ әкімдіктер мен Төтенше жағдайлар департаменттерін уақытылы хабардар етуге көмектеседі, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚМДБ еріктілерді Қостанай халқына көмектесуге жіберді