Роналдудың клубы енді «Бавария» шабуылшысын сатып алмақ
29.07.2023 01:34
Фото:
instagram.com/sadiomaneofficiel
Португалиялық Криштиану Роналду ойнайтын Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы Мюнхеннің «Бавариясынан» Садио Манені сатып алмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, клубтар арасындағы келіссөздер аяқталуға жақын.
«Әл-Наср» сенегалдық шабуылшы үшін 37 млн еуро төлеуге дайын. Футболшының агенті келісімшарттың жеке талаптарын қарап жатқан көрінеді.
Мане «Баварияға» былтыр жазда «Ливерпульден» ауысқан. 38 матчта ол 12 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

