Роналду соққан голдарының саны бойынша әлем рекордын жаңартты
24.08.2025 18:33
Фото:
Yasser Bakhsh / Getty Images
«Аль-Наср» клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду тарихта алғаш рет төрт түрлі клуб пен ұлттық құрама сапында 100 голдан соққан футболшы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
40 жастағы форвард Сауд Арабиясының Суперкубогы финалында «Аль-Ахлиге» қарсы өткен ойында пенальтиден гол соғып, Эр-Рияд клубы үшін өзінің 100-ші добын тіркеді.
Роналдудың қоржынында:
- Мадридтік «Реал» сапында — 450 гол,
- «Манчестер Юнайтедте» — 145 гол,
- «Ювентуста» — 101 гол,
- «Аль-Насрда» — 100 гол.
Ал Португалия құрамасы үшін ол 138 рет нәтижелі соққы жасаған.
Бұған дейін Криштиану Роналду әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшы деп танылған еді. Оның жылдық табысы 275 миллион долларды құрады. Бұл Forbes тарихындағы кәсіби спортшылардың ең ірі табыстарының алғашқы үштігіне енді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

