Роналду Сауд Арабиясынан қуылуы мүмкін
20.04.2023 17:25
Фото:
instagram.com/cristiano
«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдудың басы дауға қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған Роналдудың «Әл-Насрдың» матчында бейәдеп қылық көрсетуі себеп. Ойын соңында португалиялықтың өнеріне көңілі толмаған жанкүйерлер оның басты қарсыласы Лионель Мессидің атын айтып ұрандатты. Соған ашуланған Роналду әдепсіз қылықпен жауап қатты.
Енді сол әрекеті қоғамда қызу талқыланып жатыр. Тіпті адвокат Назиф бин Ахмед футболшының үстінен Сауд Арабиясының прокуратурасына шағымданбақ. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды. Адвокат Роналдуды ерсі әрекеті үшін елден қууды талап етпек.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

