Роналду мен Месси бір клубта ойнауы мүмкін
06.05.2024 10:18
Фото:
instagram/cristiano
«Интер Майами» президенті Дэвид Бекхэм «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдудың американдық клубқа ауысу жағын қарастырып жатқанын айтты. Бұл туралы тілші Абдулазиз Аль-Осаими мәлімдеді.
Дереккөз ақпаратынша, Бекхэмге Роналду мен аргентиналық Лионель Мессиді бір клубта біріктіру идеясы ұнайтынын алға тартқан.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы күзде – Роналду «Манчестер Юнайтедте» ойнап жүрген кезде, БАҚ өкілдері Бекхэмнің португалиялық шабуылшымен келіссөздер жүргізгенін мәлімдеген.
Биылғы маусымда Роналду барлық турнирде 40 матчқа қатысып, 41 гол соқты және 12 нәтижелі паспен көзге түсті.
Оның қазіргі келісімшарты 2025 жылғы жазға дейін есептелген.
Transfermarkt оны 15 млн еуроға бағалайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

