Getty Images

Роналду 16 жылда алғаш рет бір жылды хет-триксіз аяқтады

01.01.2026 18:35

Португалия құрамасының және «Ан-Наср» клубының шабуылшысы, бес дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду 2025 күнтізбелік жылын ресми матчтарда бірде-бір хет-трик жасамай аяқтады, деп хабарлайды Еl.kz интернет порталы.

Бұл оның спорттық мансабында соңғы 16 жылдағы алғашқы жағдай болып отыр. 

40 жастағы футболшы Сауд Арабиясы чемпионатының 12-туры аясында «Аль-Иттифакқа» қарсы өткен матчта (2:2) бір гол соғып, мансабындағы 957-ші добын тіркеді.

Жалпы 2025 жылы Роналду 41 гол соққанымен, бір ойында үш голдан артық енгізе алмады. Ол мұндай жағдайды соңғы рет 2009 жылы, мадридтік «Реал» сапында өнер көрсеткен кезеңде бастан өткерген. Ал хет-трикті ең соңғы рет 2024 жылдың мамырында «Аль-Вахдаға» қарсы ойында (6:0) жасаған.

Айта кетейік, Криштиану Роналду – бес мәрте «Алтын доп» иегері, Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы және ресми матчтардағы әлемдік футбол тарихындағы ең нәтижелі сұрмерген.