Роман Скляр: Тұрғындарды эвакуациялауға екі күн бар
09.04.2024 14:15
Фото:
t.me/KZgovernment
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петропавлда сумен жабдықтауды және су тартуды үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Қазақстан облысының Заречный кентіндегі су тасқыны жағдайын зерттей келе, премьер-министрдің бірінші орынбасары Петропавл қаласының әкімдігіне және құтқару қызметтеріне тұрғындарды су басу қаупі төнген аймақтан эвакуациялауды бастауды тапсырды. Склярдың айтуынша, эвакуациялауға екі күн бар.
Роман Скляр эвакуациядан бас тартқан тұрғындарға су тасқыны қаупінің ауырлығын түсіндіруге және жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін отбасыларды саяжайдан көшіруді бақылауға алуға тапсырма берді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

