Жаңалықтар

Роман Скляр Балқаштағы ЖЭО-сының бесінші қазандықтың құрылысысымен танысты

Роман Скляр Балқаштағы ЖЭО-сының бесінші қазандықтың құрылысысымен танысты
Фото: primeminister.kz 08.07.2023 11:49 1658

Балқаш ЖЭО-сында жаңа бесінші қазандықтың құрылысы жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Балқашқа жұмыс сапары барысында қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі нысанда болып қайтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жөндеу жұмыстарымен негізгі және қосалқы жабдықтар қамтылған. Осы шаралардың барлығы жылу тапшылығы мәселесін шешеді және тұрғындардың үйлеріндегі жылумен жабдықтауды жақсартады деп күтіліп отыр. 

Қазір жылу магистралінде №5 қазандықтың жекелеген шағын тораптарын монтаждау аяқталу сатысында тұр. Осыдан кейін жабдық гидравликалық сынақтан және газ-ауа жолының тығыздығын тексеруден өтпек. Болашақта қазандықты орнату «Kazakhmys Energy» ЖШС БЖЭО жұмысын жақсартып қана қоймай, ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға тиіс.

Компания «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасына кіру үшін ҚР Энергетика министрлігіне өтінім берді. Осының арқасында жабдықтарды жаңарту мүмкіндігі пайда болуы тиіс. 

Биыл жөндеу науқанына өткен жылмен салыстырғанда көп қаражат бөлінді – 4,2 млрд теңге. Жылыту маусымының сапалы өтуі үшін екі қазандық пен екі турбинаны күрделі жөндеуден өткізуге дайындау қажет. Жылу беру маусымы басталғанға дейін қоймаларда отын болуы үшін көмір қорын тез қалыптастыру қажет. Қазір бұл мәселені ҚТЖ және әкімдікпен пысықтап жатырмыз, - деді «Kazakhmys Energy» ЖШС басшысы Темірлан Өтегенов. 

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жылу және су құбыры желілері жөнделетін учаскелерде болды. 2022 жылы қалада №1 және 2 магистралдық жылумен жабдықтау желілерін қайта құру басталды. Жоспарланған 10,6 шақырымның 5,2-сі ауыстырылды. Жұмыс 2024 жылы аяқталмақ.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға