Жаңалықтар

Роман Скляр Астанада салынып жатқан нысандарды аралап шықты

Роман Скляр Астанада салынып жатқан нысандарды аралап шықты
Фото: primeminister.kz 04.02.2024 12:44 582

Жұмыс сапары барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан бірқатар спорт нысанын аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар аралаған бірінші нысан құрылысы жүріп жатқан Ұлттық спорт университеті болды, оны 2025 жылы аяқтау жоспарланған. ЖОО-ны іске қосу кадрларды даярлаудан бастап, спорттағы үлкен жетістіктерге де ықпал ететін болады.

Роман Скляр Астанада салынып жатқан нысандарды аралап шықты

Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында спорт нысандарына барды.

Роман Скляр Астанада салынып жатқан нысандарды аралап шықтыСондай-ақ Премьер-министрдің бірінші орынбасарын спорт нысандарының инфрақұрылымын дайындау, кірме жолдарды қамтамасыз ететін негізгі магистральдарды жөндеу және іс-шаралар өткізілетін аумақтарды абаттандыру жұмыстары туралы хабардар етті.

Роман Скляр Астанада салынып жатқан нысандарды аралап шықты

Суреттер:primeminister.kz

Бұған «Қазанат» ипподромын, оған кіреберіс жолды кеңейту, трибуналарды күрделі жөндеу, ат қоралар салу, көкпар алаңдары және тағы басқа кіреді. Сондай-ақ «Астана-Арена», «Алау» және «Барыс Арена» мұз сарайларының іргелес аумақтарын кешенді абаттандыру жұмысы тексерілді. 

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ҚР Ұлттық мұражайы, Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Думан» қонақ үйі және «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешені аумағында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға