t.me/POLICE_of_KZ

Рөлде оқушы болған: 4 жасар бала көлік астына түсіп қайтыс болды

24.04.2023 20:20

Қайғылы оқиға 23 сәуір күні кешке Жетісу облысындағы Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төрт жасар бала Honda Odissey автокөлігі дөңгелектерінің астында қалып, аудандық ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды. Ал бұл көлікті 15 жастағы оқушы басқарған.

Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды, - делінген полиция таратқан мәліметте.