Жаңалықтар

Робот бастық

Робот бөлім басшысы болып тағайындалды.
17.05.2016 10:09 3267

Жансыз машина. Ми орнына компьютер. Оған бағынған адамдар. Мұның барлығы қорқынышты фильмнің желісі емес, жаңа заман жетістігі.

Робот бастық

АҚШ-та Bakar & Hostetler  деген заң фирмасы Расса есімді ерекше қызметкерді жұмысқа алды.  Қызметке алынып қана қоймай, 50 қызметкер жұмыс атқаратын бөлім басшысы болып тағайындалды. Ең қызығы сол, Расса — робот. Оны IBM компаниясы Watsan суперкомпьютерінің негізінде жасап шыққан.

Адам бойында болатын кемшіліктерден ада «робот бастыққа» не жетсін? Дегенмен, Рассаның әзірге мүмкіндігі шектеулі. Ол ғаламтордан сот шешімдері мен заң нормаларын іздестіріп отырады. Расса кез-келген ресми қағазды оқып, оған жауап бере алады. Оған қоса робот заңда орын алған түрлі өзгерістер мен сотта орын алған оқиғаларды зерттеп, мәлімет жинастырып отырады.

Рассаның ерекшелігі — қызметкерлері оған сұрақ қоя алады. Қойылған сұраққа Расса барлық заң жүйесі мен заң тақырыбында жазылған барлық мақалалар негізінде жауап береді.

Рассаны жай ғана робот деп ойласаңыз, қателесіз. Ол Bakar & Hostetler  компаниясына жұмысқа тұрғалы бері, оның қарамағындағы заңгерлер сот отырыстарын өз пайдасына шешу фактісі артқан.

Осы ретте Америкада пайыздық  құқық жүйесі екенін естеріңізге саламыз. Бұл дегенміз — кез-келген сот шешімі сол сәттен бастап заңды құқық алады.  Демек, робот Расса заң қабылдаумен айналысады деген сөз. Әзірге кішігірім заң нормалары болғанымен, болашақта мұндай роботтардан үміт көп.

Саналы роботтың пайда болуы бірнеше заңгерді жұмыссыз қалдырды. Ал сіздің ойыңызша роботтар болашақта  тағы қандай мамандықтарды ығыстыруы мүмкін?    


Алмас САУДАНБАЙ   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға