Робот Темірбек пен барыс Әділет Алматыда 5 мың жастың басын қосты
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы алаңында Жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылған «Jas Stars» атты ауқымды жастар концерті өтті. 5 мыңнан астам көрерменнің басын қосқан думанды кеш заманауи технология, өнер және азаматтық белсенділіктің бірегей алаңына айналды.
Шараға жастар ұйымдарының өкілдері, белсенді еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Концерт барысында сахна төріне шыққан спикерлер ел өміріндегі маңызды шешімдерге бейжай қарамаудың маңызын атап өтті. Олар 15 наурызда өтетін республикалық референдумның мемлекет болашағы үшін айрықша мәні бар екенін жеткізіп, жастарды белсенді болуға шақырды.
Жасанды интеллект пен жастар энергиясы
Кештің басты ерекшелігі – көпшілікті таңғалдырған ерекше кейіпкерлер: робо-DJ Темірбек пен алматылық барыс Әділет. Заманауи технологияның символына айналған Темірбек пен ел рухын бейнелейтін Әділет сахнада би билеп қана қоймай, көрерменмен тікелей байланыс орнатты.
Интерактивті форматтағы өнер көрсетілімдері арқылы олар залда ерекше рух пен бірлік атмосферасын қалыптастырды. Жастармен ашық диалог орнатып, азаматтық жауапкершіліктің маңызын тілге тиек етті.
Темірбек пен Әділет алматылық жастарды азаматтық белсенділік танытуға шақырып, алдағы референдумда жаңа Конституцияны қолдаудың ел дамуы үшін маңызды қадам екенін атап өтті.
«Jas Stars» концерті – технология мен шығармашылықтың, жасампаздық пен жауапкершіліктің тоғысқан тұғырына айналып, Алматы жастарының белсенді ұстанымын тағы бір мәрте айқындады.

