Жаңалықтар

Road-эстафета: Жастар Жамбыл облысын қоқыстан тазартты

Road-эстафета: Жастар Жамбыл облысын қоқыстан тазартты
Фото: Amanat 12.06.2024 23:16 705
«Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясындағы road-эстафета қатысушылары Жамбыл облысына ат басын тіреді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Астана мен Қарағандыдан шыққан экологиялық керуенге Жамбыл жастары қосылды. Осылайша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясындағы road-эстафета жалғасуда.

Белсенділер мен партия мүшелері Осакаров, Ақсу-Аюлы, Ақшатау елді мекендері мен Балқаш, Приозерск қалаларының үстімен өтіп, Жамбыл облысына жетті. «Жастар Рухы» Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ержан Хамитов Қарағанды облысы аумағының үлкендігіне қарамастан жолды еңсердік дейді.
Road-эстафетадағы ең үлкен аймақ – Қарағанды облысы. Сондықтан белсенді саны да көп. Жастарды қоқысты сұрыптауға ынталандыру, олармен кездесу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, аймақтарды қоқыстан тазарту сынды әр нүктеде жан-жақты жұмыс жүруде. Қарағанды аумағында ауа-райы қолайсыз болған жағдайда жұмысты тоқтатып отырдық. Себебі біз үшін белсенділер мен волонтерлер қауіпсіздігі бірінші орында. Бүгін эстафетаны Жамбылдық жастарға табыстадық. Жамбылдық рухтастарға сәттілік тілейміз, - деді Ержан Хамитов.
Экокеруен қатысушылары Жамбыл облысының бойындағы тас жолын қоқыс пен артық заттардан тазартты. Үш күнде 70 тоннадан аса қоқыс жинаған жастардың соңғы нүктесі – Қонаев қаласы.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға