Ризабек Айтмұхан күрестен әлем чемпионатының финалына шықты
07.09.2024 02:15
Фото:
olympic.kz
Испанияның Понтеведра қаласында жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық Ризабек Айтмұхан жарыс финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, жартылай финалдық белдесуде Ризабек Айтмұхан америкалық қарсыласын 9:1 есебімен жеңді.
Турнир барысында ол Грекия және Иран балуандарын ірі есеппен ұтқан болатын.
Финалда қазақстандық спортшы әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдеседі. Алтын медаль үшін өтетін күрес 7 қыркүйек күні өтеді деп жоспарланған.

