Жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионы атанды

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионы атанды
Фото: ҰОК 07.09.2024 23:32 285

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті. 

Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, турнир барысында Ризабек барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға