Olympic.kz

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогында топ жарды

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ришат Хайбуллин Алматыда өткен Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ҰОК мәліметінше, отандасымыз «жылдамдық» санатында үздік атанып отыр. Ол финалда Хайбуллин жапониялық спортшы Цукики Онишиден басым түссе, бір күншығыс елінің тағы бір спортшысы Ре Омаса ие болды.

Әйелдер арасында Анна Баларшина мәреге бірінші болып жетті. Ол финалда отандасы Тамара Ұлжабаеваны қапы қалдырды. Үздік үштікті қазақстандық Аделия Өтешева түйіндеді.