Жаңалықтар

Ринат Зайытов Петропавл мен Павлодардың атын өзгертуге қатысты пікірін білдірді

Ринат Зайытов Петропавл мен Павлодардың атын өзгертуге қатысты пікірін білдірді
Фото: gov.kz 05.04.2023 14:10 1554

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Петропавл мен Павлодар қаласының атауын өзгертуге өзге емес өз ұлтымыздың азаматтары да қарсылық білдірген жағдайлар болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

20 жылдан астам уақыт бойы Петропавл, Павлодардың атауын ауыстыру жайлы өз ойымызды айтып жүрміз. Бірақ еліміздің заңнамасында жергілікті халық пен жергілікті мәслихаттың талабы керек дейді. Мен екі қолыммен қолдаймын, егер жергілікті халық осы бастаманы көтеріп, заңға сай тиісті қол жинап, мәслихатта осы мәселе көтеретін болса барынша қолдауға дайынбыз, - деді мәжіліс депутаты Ринат Зайытов.

Депутаттың сөзінше, жергілікті халық өздері бастама көтермесе, қала атауын ауыстыру қиын.

Петропавл қаласында онсызда сепаратистік іс-қимылды көріп жатырмыз. Біз қала атауын ауыстырамыз десек бұл заңға қарама-қайшы. Кейін халықтың наразылығы тумайтынына кім кепілдік береді? Олар наразылық тудыруы мүмкін. Осы жағын біз реттеп, заң аясында халық та үндемейтіндей, біз де қанағаттанатындай жолын табуымыз керек. Наразылық білдіретін жергілікті халық бар. Айына бір рет Петропавлға барамын. Оған қарсы болып отырған өзге ұлт емес, өз ұлтымыздың адамдары да бар, - деді Ринат Зайытов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға