Жаңалықтар

Ринат Зайытов министрге: «Болашағы жоқ ауылдар» дегенді қайдан тауып алдыңдар?

Ринат Зайытов министрге: «Болашағы жоқ ауылдар» дегенді қайдан тауып алдыңдар?
Фото: t.me/mazhilis_kz 05.06.2023 12:40 1888

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Ринат Зайытов Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан «болашағы жоқ ауылдар» деген сөз тіркесті қайдан тауып алғанын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол бұл сөз тіркесі минстрліктің жұмысын дискретизациялау екенін және сол ауылда тұратын халықты дискриминациялау екенін айтты.  

Мәжілісмен болашағы жоқ ауылдарға министрлік болашақ әкеліп бере алмаса, онда ол министрліктің кәсіби біліктілігі туралы сұрақ көтерілу керек, - деді Ринат Зайытов.

Депутат сосын министрден Риддер қаласындағы қазақ мектебінің жағдайы туралы мардымды жауап бере алмағанына қынжылысын білдірді.

Енді балалар не істейді? Қашан мектеп салынады деп қарап отыра ма? Бар мектепті қазақша-орысша ретінде араластырып жіберген. Енді қазақ мектебінде орын жоқ, аралас мектепте бар болып тұр, – дейді мәжілісмен..

Сондай-ақ депутат өңірлік стандарттар жүйесі туралы мәселені қозғап, әкімдердің кесірінен көптеген моноқалалардың дамымай отырғанын айтты.

Аягөз қаласының Әуезов көшесінің ортасында 90-жылдарда салынған базар тұр. Бұл көше. Онымен адам, машина жүру керек. Бірақ ешкімнің шамасы келмейді. Осындай сұрақтар қалай шешіледі? Бұдан бөлек, саяжай мәселесі туралы сұрақ көп келеді. Үкімет тарапынан оларға тариф жағынан қандай да бір жеңілдік бола ма?, – деді Ринат Зайытов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға