Жаңалықтар

Ринат Зайытов депутат ретінде қандай мәселе көтеретінін айтты

Ринат Зайытов депутат ретінде қандай мәселе көтеретінін айтты
Фото: instagram.com/rinat_zaitov_resmi 29.03.2023 12:31 1617

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов әлеуметтік желіні шулатқан бейне-роликке қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.


"Amanat" партиясының атынан депутат болып сайланғаннан бастап әлеуметтік желіде депутатқа қатысты түрлі
бейне жазбалар бар. Оларды өтірік деп айтуға негіз жоқ. Бұл фальсификациялар болған, болды да. Оны ешқалай жасыруға болмайды. Бұл жерде соған жауапты адамдар, наразы адамдар аяғына дейін табандылық танытып, тиісті жерлерге арызданып бұндай істі аяғына дейін жеткізсе екен деймін. Өз басым сайлауда фальсификация болуына қарсымын",  деді депутат.


Сонымен қатар сайлауда қаншалықты әділ жеңіске жеткеніне қатысты пікірге жауап берді.


«Бастапқыда бір мандатты округтан өз кандидатурамды алдым. Одан кейін "Amanat" партиясының партиялық тізімімен қатысу бойынша ұсынысқа келісім бердім. Өңірлерді аралап, халықпен кездестік. Ешқандай жасанды кездесу емес, халықпен нақты байланысуға тырыстық. Сондықтан толыққанды халықтың сенімімен дауыс жинадым деп айта аламын», - деді ол.


Ол депутат ретінде ең алдымен тіл мәселесін шешкісі келетінін сондай-ақ, билікке қарсы ойы өзгермегенін айтты.


«Қазіргі таңда мен қарсы болған биліктің жартысы жоқ. Ал қазіргі билікпен енді жұмыс істейін деп жатырмыз. Оның нәтижесі қандай болатынын көре жатармыз», - деді депутат Ринат Зайытов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға