Римма Волосенконың жекпе-жегінің шешімі өзгермейді - Федерация өкілі
08.03.2024 03:37
Фото:
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Римма Волосенконың ширек финалдық кездесуінен кейін жекпе-жек қорытындысына байланысты қазақстандық бокссүйер қауым арасында орынды нала қынжылыстардың тууына байланысты Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов пікір білдірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Олимпиада ойындарына лицензиялық бәсекелер Халықаралық Олимпиада комитетінің аясында өтеді. Өкінішке қарай, ХОК ережесіне сәйкес, Ұлттық федерациялар жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешіміне шағым бере алмайды. Тек төрешілердің жұмысына баға беретін бақылаушы мен бағалаушы болады. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан осы жекпе-жекке байланысты турнир ұйымдастырушыларына наразылығымызды жеткіздік. Олар кездесуге қазылық еткен төрешілердің жұмысын қарастырып, кінәрат болған жағдайда алдағы жекпе-жектерден шеттететіндіктерін айтты. Бірақ, өкінішке қарай, жекпе-жектің қорытынды есебі өзгертілмейді,- деді Азиз Қожамбетов.
Естеріңізге сала кетейік, 60 келі салмақ дәрежесінде өткен Римма Волосенко мен словакиялық Мирослава Жединакова арасындағы ширек финалдық жекпе-жек 2:3 есебімен қарсыластың пайдасына шешілген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

