Рим папасы жиналған қауым үшін дұға оқыды
Елордадағы діни мессада Рим папасы Франциск жиналған қауым үшін дүға тіледі, деп хабарлайды El.kz.
Діни рәсім барысында адамдар Рим папасының қолынан ұстап, сүюге мүмкіндік алды.
Рәсімді Құдайға арнап діни ән арнаудан бастады.
«Бауырластар, бұл жол бізді құтқаратын жол, біздің қайта туылу және қайта тірілу жолымыз. Кресттегі Иисусқа қараңыз. Осы биіктен біз өз өмірімізді, халықтарымыздың тарихын жаңа қырынан көре аламыз. Өйткені, Иисустың Крестінен біз жек көруді емес, сүйіспеншілікті үйренеміз, біз немқұрайлылықты емес, жанашырлықты үйренеміз, біз кек алуды емес, кешіруді үйренеміз. Иисустың созылған қолдары - Құдай бізді қоршауды қалайтын нәзіктік құшақтары», - деді Рим папасы.
Сондай-ақ, олар бізге дұрыс бағытты, христиандық жолды көрсетеді. Күштеу және мәжбүрлеу жолы емес. Иисустың жолы басқа. Ол даналыққа жетейлейтін, жалпыға бірдей сүйіспеншіліктің жолы екенін айтты.