Жаңалықтар

Риддерде төтенше жағдай жарияланды

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады
Риддерде төтенше жағдай жарияланды
Фото: sn.kz 07.11.2022 10:44 1932

Риддер қаласының 22 мыңнан астам тұрғынның пәтеріне жылу толыққанды берілмей жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Инстраграм парақшасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов хабарлады. Арнайы штаб құрылып, жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. 

5 қараша күні жылыту стансасында қазандық құрылғылары істен шығып, жылыту жүйелері апаттық жағдайда сөндіріліп, жылу беру температурасы төмендеді. 

Өскеменнен арнайы мамандар тартылып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 120 тонна мазут жеткізіліп, қосымша 12 бригада жұмыс істеуде. Қала оқушылары 11 қарашаға дейін қашықтан оқытылатын болады. Мектепке дейінгі мекемелер де уақытша жабылды. 

«Риддер қаласының жылыту желісін толық іске қосу үшін барлық жұмыстар жүргізіліп жатыр, жағдай бақылауда», – деп жазды облыс әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға