ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Риддерде көлік аударылып, жүргізуші салонда қысылып қалды

27.05.2024 23:06

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жол-көлік оқиғасы болды. Бор көпірі ауданында көлік апатқа ұшырап, аударылып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1989 жылы дүниеге келген жүргізуші Toyota Windom көлігінің салонында қысылып қалып қойған.

Оқиға орнына дереу жеткен 1-МӨСБ және 14-ӨСБ құтқарушылары көмекке келді. Олар зардап шегушіні көліктің алдыңғы әйнегі арқылы шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.