ТЖМ

Риддерде 11 жастағы қыз кір жуатын машинаға қысылып қалды

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Үйде жалғыз қалған 2014 жылы туған екі қыздың бірі ойын барысында аяғын кір жуғыш машинаның барабанына қысып алған.

Оқиға кезінде жанында болған 11 жастағы құрбысы бірден төтенше жағдай қызметіне хабарласқан. Құтқарушылар жедел жетіп, баланың аяғын жарақатсыз шығарып алды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырып, төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласуды үйретудің маңыздылығын еске салды.