Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков Риддер ЖЭО барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта 3 қазандық жұмыста, қалған 3 қазандықта жөндеу жұмыстары жалғасуда.
ЖЭО басшылығымен өткен кеңесте жұмыс істеп тұрған қазандықтардың айналмалы жабдықтарының сенімді жұмысына, ұсатқыш А және багер сорғыларын жөндеуді жеделдетуге, а.ж. 27 қазанына жоспарланған № 6 қазандықты жөндеу жұмыстарын аяқтауға байланысты проблемалық мәселелер талқыланды. № 4 және 5 қазандықтар бойынша жөндеу жұмыстары барысында анықталған ескертулерді жою нұсқалары қаралды.
Риддер ЖЭО бойынша жылыту маусымының тұрақты өтуі Энергетика министрлігінің бақылауында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

