instagram.com/badgalriri

Рианна екінші баласын дүниеге әкелді

БАҚ өкілдері 35 жастағы америкалық әншінің екінші баласын дүниеге әкелгенін жазуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дереккөздер Рианнаның қыз бала туғанын жазуда.

Рианна мен рэпер ASAP Rocky-ге жақын адамдарға сілтеме жасаған басылымдар жұлдызды жұптың отбасында қуанышты жағдай бірнеше күн бұрын болғанын айтады. Сәби анасына қатты ұқсайтыны да айтылуда.

Әзірге ата-ана бұл жаңалықты ресми түрде растаған жоқ. Дегенмен олар тұңғышы дүниеге келгенде ұлының атын да көпке дейін айтпай жүрді.