Жаңалықтар

Резидентураға бөлінетін грант саны көбейеді

Грант саны 3 400-ге жеткізілед
Резидентураға бөлінетін грант саны көбейеді
Фото: liter.kz 03.09.2022 16:12 1421

Резидентураға бөлінетін грант саны 3 400-ге жеткізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды El.kz

«Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі — дәрігерлерді дайындау жүйесін жетілдіру. Президенттің тапсырмасын іске асыру аясында медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көп бейінді университеттік аурухана мен клиника ашу қарастырылуда. Сонымен қатар, біз үш жыл ішінде резидентураға бөлінетін грант санын жыл сайын 70 пайызға, 2023 жылы 1 мың 700 болса, 2025 жылы 3 мың 400-ге дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз», - деді Ажар Ғиният.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға