Жаңалықтар

Рейстерді кешіктірген екі авиакомпанияда тексеріс жүргізіледі

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді
Рейстерді кешіктірген екі авиакомпанияда тексеріс жүргізіледі
Фото: inform.kz 16.07.2022 15:06 1409

Әуе рейстерінің кешіктірілуіне қатысты халықтың шағымынан кейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті тергеу жүргізетін болады, –деп хабарлайды El.kz.

–  Әлеуметтік желілердегі Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының Алматы – Мале, Нұр-Сұлтан – Ташкент және Алматы – Қостанай рейстері, сондай-ақ басқа да бағыттардың кешігу фактілеріне қатысты жолаушылардың көптеген шағым-өтініштеріне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тиісті тергеу жүргізетін болады.Рейстер кешіктірілген немесе орындалмаған кезде жолаушылардың құқықтарын бұзу фактілері болғаны анықталған жағдайда авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, –- делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Аталған рейстердің жолаушылары өз шағым-өтінішін cc@сaakz.kz электрондық мекенжайна жолдай алады.

– Сонымен қатар тасымалдаушының кінәсінен рейс кідірген немесе орындалмаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушыларға тегін негізде ана мен бала бөлмесі, рейсті 2 сағат күткен кезде салқын сусындар, 4 сағат күткен кезде ыстық тамақ (бұдан әрі күндізгі уақытта әрбір 6 сағат және түнгі уақытта 8 сағат), сондай-ақ рейсті кері қайтарған кезде ыстық тамақ беріледі. Сондай-ақ күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнгі уақытта 6 сағаттан артық рейсті күткен кезде қонақ үйде тұру, тұратын жеріне дейін және әуежайға апаратын көлік беріледі, – деп нақтылады Азаматтық авиация комитетінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға