Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар жолдардың 7 учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды

Республикалық маңызы бар жолдардың 7 учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды
Фото: ҚазАвтоЖол 31.01.2024 01:02 881

Ауа райының қолайсыздығына байланыстың еліміздің 4 облысындағы республикалық маңызы автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.

Алматы облысында - 3 учаске: 

- "Алматы-Ташкент-Термез" 59-143 км, Жаңақұрлыс ауылы - Жамбыл облысымен шекара - 84 км.

- "Алматы-Шелек-Қорғас" 24-254 км,  Ақы алу пунктінен Жетісу облысымен шекараға дейін – 230 км.

- "Алматы-Өскемен" 25-124 км, Ақы алу пуктінен Жетісу облысымен шекараға дейін - 99 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады (қар, ауа температурасының төмендеуі).

Жамбыл облысында - 2 учаске:

- "Алматы-Ташкент-Термез" 143-238 км, Алматы облысымен шекара - Қайнар ауылы - 95 км.

- "Алматы-Ташкент-Термез" 159-212 км, Кенен ауылы - Қордай ауылы - 53 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады (Алматы облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).

Қызылорда облысында - 1 учаске:

- "Самара-Шымкент" 1802-2055 км, Қызылорда қаласы - Түркістан облысымен шекара – 253 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады (қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температурада).

Түркістан облысында - 1 учаске:

- "Самара-Шымкент" 2055-2082 км, Қызылорда облысымен шекара - Шорнақ ауылы – 27 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады (Қызылорда облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтілуде, синоптиктер дауылды ескерту жариялады.

Осыған орай сіздерден жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Жол жүрген кезде қашықтықты, жылдамдықты сақтап, басып озу және кенеттен маневр жасамау маңызды екенін есте ұстаған жөн. Сондай-ақ қыстың көзі қырауда екенін ескеріп, сапарларыңызды алдын-ала жоспарлауға кеңес береміз. Естеріңізге сала кетейік, республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы барлық ақпарат компанияның ресми сайтында www.qaj.kz ахуалдық орталық бөлімінде және Sapar мобильді қосымшасында қолжетімді. Сонымен қатар байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға