Республикалық маңызы бар 26 жол жабық
EL.KZ Информационно-познавательный портал
09.01.2023 11:15
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар 26 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ауа райының нашарлауына (боран, нашар көріну, көктайғақ) және жол тазартуға байланысты автожолдардың 61 учаскесі жабылды, оның 26-сы республикалық маңызы бар", - деді ведомстводан.
Қар құрсауында қалған көліктер:
Ел бойынша барлығы 143 бірлік техника жолдардың ашылуын күтіп тұр. Соңғы тәулікте республикалық жолдарда құтқарушылар 37 адамды, оның ішінде 9 баланы эвакуациялады.

