Республикалық «Абай оқуларында» 47 оқушы жеңімпаз атанды
14.06.2024 01:44
Фото:
Оқу-ағарту министрлігі
XXV республикалық «Абай оқулары» өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 130-дан астам жас абайтанушы қатысты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, байқау 6 номинация бойынша өтті: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі». Қатысушылар Абайдың 200-ге жуық өлеңін, 45 қара сөзін және екі поэмасын жатқа оқыды.Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломы 47 оқушыға тапсырылды. Атап айтсақ, I дәрежелі дипломмен 6 қатысушы, II дәрежелі дипломмен 18 қатысушы және III дәрежелі дипломмен 23 қатысушы марапатталды. Арнайы номинация 18 оқушыға табысталса, әр номинация бойынша ерекше жетістігі үшін тағы 20 оқушы грамотамен марапатталды. Сондай-ақ қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

