Жаңалықтар

Республика күні мерекесі қайтарылатын болды

Республика күні мерекесі қайтарылатын болды
16.06.2022 17:06 7135

Мемлекет басшысы Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгерістер енгізді. Бұл туралы Ұлттық құрылтайда президент айтты деп, – хабарлайды El.kz.

– Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға