Жаңалықтар

Respublika өкілі ауыл мен қаладағы білім сапасын сынады

Respublika өкілі ауыл мен қаладағы білім сапасын сынады
Фото: qazaqstantv 01.03.2023 21:04 849

Партиялар пікірсайысының І кезеңінде "Respublika" партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау білім сапасына қатысты сын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Осы күнге дейін 700 мыңға тарта адамға кездесу өткіздік. 8 облыс, 3 қаланы қамти отыра әр елді мекеннің проблемаларымен таныс болдық. Ол жерде қала мен ауыл ортасындағы үлкен айырмашылықтарды көрдік. Ауылдық жердегі білім мен қала білімінің арасы бес жылға ажырап кеткен. Жемқорлықтың шегіне жеткен. Сондықтан, бірінші кезекте білімді көтеруіміз керек. Неге ауылдағы бала қаладағы баладан кем білім алады, оның кінәсі не деген сұраққа жауап бере ала алмай келеміз. Қазіргі таңда бірінші байлық денсаулық емес, білім болып тұрған заман. Жас партия болғандықтан жастардың білімін көтеруді талап етеміз", - дейді Сырымбек Тау. 

Оның айтуынша, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер үлкен қолдауды қажет етуде. 

"Екіншіден – ауылдағы орта кәсіптерді өлтіріп тастаған. Кәсіпкерлердің өз күші мен ұмтылыс ғана бар. Ауылдан келіп жетпіс мың теңгеге жұмыс жасайды, бұл дұрыс емес. Мамандар арттыру керек. Ауыл мен қаланың айырмашылығын теңестіруіміз керек. Біздің басты ұстаным - білікті мамандар, білім адамдар, еңбекқор жандарды қолдау", - деді ол.

Сөз соңында, ауылдық тұрғындардың тұрғын үй жинақ банкіне сын айтып жатқанын мәлімдеді.  "Respublika" партиясы ауылдық жерлердің әлеуетін көтеруге үлкен жоспарлар құруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға