Жаңалықтар

Республика күні қарсаңында “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша 5 қабатты 100 пәтерлі үй пайдалануға берілді.

Республика күні қарсаңында “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша 5 қабатты 100 пәтерлі үй пайдалануға берілді.
Фото: Ашық дереккөзден 25.10.2023 16:21 1078

25 қазанда мереке күні Саран қаласында қала тұрғындарына, оның ішінде көп балалы және толық емес отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, жетім балаларға, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне кілттерді табыстаудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қала әкімі Е. Баулықов жиналғандарды құттықтап, бүгін жаңа пәтер алатын қоныстанушылар үшін айтулы сәт келгенін атап өтті. Бұл шаңырақтарда ырыс-құт, береке-бірлік болсын.

Көп балалы ана Зардхан Зоя халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс сөздерін айтты: "Мен және менің отбасым бүгін осындай айтулы күні жаңа пәтердің кілттерін алғанымызға өте қуаныштымыз. Біздің жеке пәтеріміз болатынына сене алмай отырмыз. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Елімізге өркендеу, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін".

Бала кезінен мүгедек Алексей Петрович Алеев барлық жерлестерін мерекемен құттықтап, көзіне жас алды. Осындай тамаша сыйлық үшін мемлекетке алғысын білдірді.

Мерекені нағыз таланттар-Саран қаласының солистері мен шығармашылық ұжымдары ажарландыра түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға