Жаңалықтар

Республика күніне орай эссе жазудан байқау жарияланды

 Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған
Республика күніне орай эссе жазудан байқау жарияланды
Фото: stan.kz 11.10.2022 16:45 2448

Ұлттық мереке - 25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына эссе жазудан байқау жарияланды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министріліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған. Байқауға студенттер, магистранттар және қоғамдық жастар ұйымдары қатыса алады. 

Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы  көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.

 Жұмыс 2022 жылғы 15 қазанға дейін Жоғары оқу орнының электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Конкурс бойынша толық ақпарат жоо сайтында. Конкурстық жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындауға болады. Конкурстың бірінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау 2022 жылғы 19 қазанда жоғары оқу орындарының базасында өтеді. Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астана қаласында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға