Республика күніне орай демалыс күні өзгерді
EL.KZ Информационно-познавательный портал
09.10.2022 09:03
Фото:
ашық дереккөзден
Премьер-министр Әлихан Смайылов «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №713 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Үкіметтің 07.10.2022 жылғы №796 қаулысына қол қойды, деп хабарлайды EL.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаулыға сәйкес, демалыс күні 2022 жылғы 22 қазан, сенбіден 2022 жылғы 24 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.
Биыл 25 қазанда еліміздің ұлттық мерекесі ретінде алғаш рет Республика күні аталып өтеді. Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтарға мереке кезінде демалысын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

