Жаңалықтар

Республика аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Республика аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: © El.kz 08.07.2024 07:26 596

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Астанада 8 шілде күні найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады.

8 шілде түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде 35 градус ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Оралда 8 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.

8 шілде күні күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық болады.

8 шілдеде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

8 шілде күні күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Талдықорғанда 8 шілде күні найзағай ойнайды.

8 шілдеде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте 8 шілдеде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

8 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағандыда 8 шілдеде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі.

8 шілдеде күндіз Ұлытау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыс бойынша төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады.

Жезқазғанда 8 шілдеде күндіз найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

8 шілдеде Ақмола облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

8 шілде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болады.

Атырауда 8 шілде күні күндіз 36-38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

8 шілде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с.

Павлодарда 8 шілде күні күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады.

8 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37-42 градус қатты ыстық сақталады.

Ақтауда 8 шілдеде күндіз найзағай ойнайды, 39 градус ыстық сақталады.

8 шілдеде Абай облысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Семейде 8 шілдеде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

8 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Өскеменде 8 шілдеде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

8 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавлда 8 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

8 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді.

8 шілдеде түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Онтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Таразда 8 шілдеде таңертен және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

8 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматыда 8 шілдеде кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Қонаевта 8 шілдеде кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға